Әлем14 қараша 2023, 9:00

Газа секторынан 800-ден астам шетелдік кетті

Газа секторынан 800-ден астам шетелдік кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Соңғы тәулікте Газа секторынан Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы Мысырға 826 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды CNN Египет шекара қызметінің анонимді өкіліне сілтеме жасап.

Бір күн бұрын Рафах бақылау бекеті екі күндік үзілістен кейін алғаш рет ашылды.

Кеткендердің арасында 70 ресейлік бар, ал Қазақстанға әзірге 44 азамат шығарылды.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, олар Каирдегі қонақүйлердің біріндегі Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабына түнде келген. 

Газа секторында 76 қазақстандық азаматымыз бар. Олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда — 161 адам. Бірақ цифр өзгеріп тұрады.

Газа секторы шетелдіктер эвакуация

Тақырыпқа жаңалықтар