Газа секторында аспаннан лақтырылған гумкөмек бес адамның өмірін қиды
Газа секторында аспаннан лақтырылған гумкөмек бес адамның өмірін қиды. Америка Құрама Штаттары, Иордания, Египет, Франция, Нидерланды және Бельгия ұсынатын жүктерді әуеден түсіру кезінде жүк тасымалдайтын парашюттердің кем дегенде біреуі істен шығып, оның жерге құлауына себеп болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Газадағы Хамас бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, 11 адам жараланған.
Пентагон өкілінің айтуынша, АҚШ гуманитарлық көмектерінің барлық қораптары қалыпты жағдайда жерге қонды.
Иордания да оқиғадан алшақтады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: