Әлем30 мамыр 2024, 12:23

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 36 мыңнан асты

Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде Израильдің блокададағы Газа секторына 2023 жылдың 7 қазанынан бері жалғасып келе жатқан шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 36 мыңнан асты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Соңғы 24 сағат ішінде Израиль шабуылынан 75 палестиналық қаза тапты. Сонымен қатар тағы 284 адам зардап шекті», - делінген Анадолы хабарламасында, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Осылайша, Израильдің 7 қазаннан бері жалғасқан шабуылдары кезінде қаза тапқандардың жалпы саны 36 171-ге, жараланғандар саны 81 420-ға жетті, деп хабарлады Газа Денсаулық сақтау министрлігі.

«Қаза тапқандардың денесі әлі қираған ғимараттардың қирандылары мен жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштері тудырған кедергілерге байланысты оларға жете алмайды», - деп қосты министрлік.

Палестина қаза тапқандар

Тақырыпқа жаңалықтар