Германия мен тағы бес мемлекет Ресейде лаңкестік қаупі бар екенін ескертті
АҚШ-тан кейін Германия мен тағы бес мемлекет Ресейде лаңкестік әрекеттер қаупі бар екенін ескертті. Германия Сыртқы істер министрлігі Ресейге саяхаттау туралы кеңесін жаңартып, неміс азаматтарына сапарға шықпауға кеңес берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған қоса, Мәскеудегі АҚШ елшілігінің алдағы екі күнде лаңкестік қаупі бар туралы кешегі ескертуіне Латвия, Канада, Оңтүстік Корея, Швеция және Чехия қосылды.
Латвия өз азаматтарын сақ болуға және алдағы 48 сағат ішінде Мәскеуде жаппай жиналудан аулақ болуға шақырды.
Канада билігі теракт болуы мүмкін екенін ескертті.
Ресейдегі Оңтүстік Корея елшілігі де осындай ескерту жасап, адам көп жиналатын жерлерде «оқиғалардың ықтималдығы жоғары» деп қосты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: