Германияда ер адам тікелей эфирде адамдарға пышақ ала жүгірді
Германияның Мангейм қаласында пышақ ұстаған ер адам тікелей эфирде адамдарға шабуыл жасады. Белгісіз біреу «Еуропаны исламдандыруға» қарсы шыққан оңшыл Pax Europa популистік қозғалысының белсенділеріне шабуыл жасады. Олардың демонстрациясы YouTube желісінде тікелей көрсетіліп, оқиға сәті де көрсетілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алдымен ер адам стендте тұрған жергілікті блогер Майкл Штурценбергерге пышақ ала ұмтылып, кейін төбелеске араласқан жолаушыны жаралап, сосын пышақпен жүгіріп шыққан ол полицейді ұра бастаған.
Полиция қызметкерінің әріптестері шабуылдаушыға оқ жаудырып, ол сол жерде оққа ұшты.
Ер адамның жеке басы анықталып жатыр.
Зардап шеккендердің қаншалықты ауыр жарақат алғаны әзірге белгісіз.
Штурценбергер Германияда исламды сынауымен танымал.
Осылайша ол Мюнхендегі мешіт құрылысына қарсы ондаған мың қол жинап, араздық тудырғаны үшін де жауапқа тартылды.