Грозныйда Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болғандарға арналған мемориал ашылды
Шешенстанның Грозный қаласында Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болғандарға арналған мемориал ашылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл жөнінде ресейлік ТАСС агенттігі жазды.
«Бүгін біз Баку-Грозный рейсі жолаушыларының құрметіне ескерткіш тақта ашып отырмыз. 29 адамның өмірін сақтап қалған ұшқыштар мен экипаждың ерлігі біздің есімізде мәңгі сақталады», — деп Шешенстан үкіметінің жетекшісі Галас Таймасханов.
Бакудан Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы былтыр 25 желтоқсанда Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлады еді.
Ұшақта 67 адам болған: 38-і қаза болып, 29-ы аман қалған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: