Йоав Галант: Израиль әскерлері «жақын арада Газаны ішкі жағынан көреді»
Израиль Қорғаныс министрінің мәлімдеуінше, әскерлері «жақын арада Газаны ішкі жағынан көреді», - деп хабарлайды Arbat.media.
Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант Газа секторымен шекарада израильдік әскерилермен кездесіп, оларды құрлық шабуылына дайындалуға шақырды.
"Қазір Газаны алыстан көресіңдер. Жақында ішінен көресіңдер" - деді.
Министр шабуылдың қашан басталатынын нақтыламады.
Израиль ХАМАС лаңкестік тобының содырлары елде жаппай өлтірулер мен адамдарды кепілге алу әрекеттерінен кейін Газа секторымен шекараға жақын жерде он мыңдаған әскерін жинады.
Израиль қорғаныс күштері Газа секторының солтүстігіндегі тұрғындарды эвакуациялауға мүмкіндік беру үшін жердегі операцияны кейінге қалдыратынын хабарлаған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: