Әлем18 қазан 2023, 3:25

Иордания мен Палестина аумағында тәртіпсіздіктер басталды

Газа секторындағы ауруханаға жасалған шабуылдан кейін Иордания мен Палестина аумағында тәртіпсіздіктер басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Иорданиядағы Израиль елшілігінің маңындағы тәртіпсіздіктер туралы бейнежазбаларды израильдік Telegram арналары жариялады. Хабарларға қарағанда, Аммандағы наразылық білдірушілер елшілік ғимаратына кіруге әрекеттенген, ал әлеуметтік желіде тараған кадрларла оның қоршауының жанындағы жалынды көрсеткен.

Батыс жағалауда да толқулар басталды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Рамаллада тәртіп сақшылары Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббасқа қарсы ұрандар айтқан наразылық білдірушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен дүмпу гранаталарын қолдануға мәжбүр болған.

Наразылық білдірушілер Газа секторындағы ауруханадағы жарылысқа Аббастың жауабы қатқыл шықпады деп санады.

Бұған дейін БАҚ ауруханаға жасалған шабуыл салдарынан жүздеген адамның қаза тапқанын хабарлаған.

Хамас содырлары мен Израиль жағы оқиғаға бірін-бірі кінәлайды.

Газа секторы ауруханаға шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар