Израиль кепілге алынғандарды босату үшін атысты тоқтатуға дайын
Израиль кепілге алынғандарды босату үшін атысты тоқтатуға дайын, - деп хабарлайды Arbat.media.
Израиль президенті Ицхак Герцог Израильдің ХАМАС лаңкестері ұрлап кеткен кепіл адамдарды босату үшін Газада атысты тоқтатуға келісуге дайын екенін мәлімдеді.
«Израиль кепілге алынғандарды босатуды қамтамасыз ету үшін одан әрі гуманитарлық үзіліс пен қосымша гуманитарлық көмек көрсетуге дайын», - деді Герцог.
Оның айтуынша, болып жатқан жағдайға жауапкершілік толығымен ХАМАС басшылығының мойнында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: