Әлем15 қазан 2023, 11:00

Израиль мен Газа секторында не болып жатыр

Arbat.media Израиль мен Газа секторының айналасында болып жатқан оқиғаларды хабарлайды. 

▪️ Израиль қорғаныс күштері Газа секторының солтүстік бөлігінің тұрғындарын эксклавтың оңтүстігіне көшуге тағы да шақырды. 

▪️ Палестина тарапының жаңа деректері бойынша, бір аптадағы соғыс кезінде Газа секторының 2215 тұрғыны қаза тауып, 8714-і жараланған. Израиль бұған дейін Хамас шабуылдары салдарынан 1300-ге жуық қаза тауып, 3500-дей адам жараланғанын хабарлаған.

▪️ Washington Post тексерілген бейнежазбаға сілтеме жасай отырып, израильдік әуе күштері Газа қаласынан палестиналықтарды эвакуациялаған Салах ад-Дин тас жолына шабуыл жасағанын жариялады. Бейнежазбада қаза тапқандардың, оның ішінде кішкентай балалардың денесі көрінеді.

▪️ Израильдің оңтүстігіндегі Ашкелон қаласының билігі бір апта ішінде қалаға 1015 зымыран атылғанын хабарлады. Осы деректерге сүйенсек, оның 173-і қалаға түскен.

 

Газа секторы Израиль соңғы жаңалықтар

Тақырыпқа жаңалықтар