Трамп: Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланды
Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасында 10 күндік бітім жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
АҚШ президентінің айтуынша, ол Жозеф Аун және Биньямин Нетаньяху-мен сөйлескен. Нәтижесінде екі ел басшысы 10 күнге атысты тоқтатуға келіскен.
Трамп сондай-ақ АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен вице-президент Джей Ди Вэнс-ке Израиль мен Ливан арасындағы бейбіт келісімге қол жеткізу бағытында жұмыс жүргізуді тапсырғанын айтты.
Оның сөзінше, егер бұл келісім сәтті жүзеге асса, бұл оның араласуымен реттелген оныншы қақтығыс болмақ.
Айта кетейік, жуырда АҚШ-та Израиль елшісі Йехиэль Лейтер мен Ливан өкілі Нада Хамаде Моавад арасында 1993 жылдан бері алғаш рет тікелей келіссөздер өткен еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: