Әлем13 қараша 2023, 8:00

Израиль және Газа секторындағы соңғы оқиғалар

Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Газа секторынан ресейліктерді эвакуациялау басталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ведомство берген мәліметтері бойынша, РФ-ның 60-тан астам азаматы Рафах бақылау-өткізу бекеті арқылы Мысыр аумағына өткен.
 
Сауд Арабиясында өткен саммитте араб және мұсылман елдерінің басшылары Газа секторындағы қақтығыстың өршуіне Израильді жауапты деп тауып, «тәуелсіз Палестина мемлекетін» құруды талап етті.
 
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған саммит нәтижелеріне түсініктеме бере отырып, Таяу Шығыстағы қақтығыста аймақтағы барлық субъектілердің, соның ішінде соғысушы тараптардың қатысуымен кездесі бейбітшілікке қолайлы негіз болады деді. 
Сондай-ақ Ердоған дағдарысты шешу үшін «телефон дипломатиясын» күшейтуге уәде берді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.
 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газа секторындағы әл-Шифа ауруханасының медициналық қызметкерлерімен байланысын үзгенін және олардың қауіпсіздігі мен тағдырына алаңдайтынын мәлімдеді. Израиль армиясы ауруханаға шабуыл жасалды және оны қоршады деген айыптауларды жоққа шығарды. «Хамас ауруханалардағы жағдай туралы өтірік айтады», - деді IDF өкілі Даниель Хагари.
 
"Хезболла" ұйымы Израильдің солтүстігіндегі Довев ауылы маңындағы аймақты танкке қарсы басқарылатын зымырандармен атқаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Ливандық топ бақылау жабдықтарын орнатып жатқан израильдік әскерилерге соққы берді деп мәлімдейді. IDF бұл ақпаратты жоққа шығарады, деп хабарлайды The Times of Israel.

Газа секторы ресейліктер эвакуация соңғы жаңалықтар

Тақырыпқа жаңалықтар