Әлем19 қараша 2023, 1:44

Израильде Хамас тұтқындарының жақындары Иерусалимге шеруге шықты

Израильде Хамас тұтқындарының жақындары Тель-Авивтен Иерусалимге шеруге шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Олар премьер-министр Биньямин Нетаньяху кеңсесі алдында шеру өткізіп, кепілге алынғандарды босатуға күш салуды талап етті.

Соңғы мәліметтер бойынша шеруге 30 мыңға жуық адам қатысқан.

Иерусалимге жақын жерде оған Израиль оппозициясының жетекшісі Яир Лапид қосылды.
 
Наразылық шеруін кепілге алынғандар мен хабарсыз кеткендер отбасыларының форумы ұйымдастырды.

Ол 7 қазандағы Хамас шабуылынан кейін ұрланған және Газа секторына жеткізілген 240-қа жуық адамның жағдайына назар аудару үшін құрылған.
 
Сейсенбі күні жарияланған мәлімдемеде форум Израиль үкіметін келіссөздер кезінде нақты қандай талаптар қойғанын көрсетуге шақырды.

Премьер-министр кеңсесі алдында өткен митингте бірнеше мың демонстрант «оларды тез арада үйіне қайтарыңдар» деп ұрандатты.

Хамас тұтқындары Шеру Израиль

Тақырыпқа жаңалықтар