Киев тәулігіне атып түсірілген "Кинжалдардың" рекордтық санын хабарлады
Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный Ресейдің жаңа жаппай шабуылына тойтарыс бере отырып, Украина әскерилері 72 әуе нысанын атып түсіре алды дейді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның айтуынша, Украинаға ұшырылған 10 «Кинжал» зымыранының барлығы, 70 Х-101, Х-555 және Х-55 қанатты зымырандарының 59-ы, сондай-ақ үш «Калибр» қанатты зымыраны атып түсірілген.
Бір күнде атылған «Кинжал» саны соғыс басталғалы бері рекордтық көрсеткіш болды.
Бұған дейін Украина Қарулы күштері Әскери-әуе күштерінің баспасөз хатшысы Юрий Игнат Украинадағы операцияның барлық кезеңінде Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері 15"Кинжалды" атып түсіргенін хабарлаған еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: