Әлем20 қыркүйек 2023, 13:29

Мәскеу түбіндегі Балашихада тұрғын үйде жарылыс болды

Балашихада тұрғын үйде жарылыс болып, қаза тапқандар бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мәскеу түбіндегі Балашихада тоғыз қабатты үйдің екі қабаты опырылып түсті, деп хабарлайды РФ Төтенше жағдайлар министрлігі.

Mash мәліметінше, екі адам қаза тапқан.

Төтенше қызметтерге сілтеме жасаған РИА Новости оқиғаға тұрмыстық газдың жарылуы себеп болғанын хабарлады.

Тергеу комитеті қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады

Балашиха Жарылыс қаза тапқандар

Тақырыпқа жаңалықтар