Навальныйдың серіктестері жерлеу рәсімін өткізетін жер таба алмай жүр, бәрі бас тартуда
Навальныйдың серіктестері жерлеу рәсімін өткізетін жер таба алмай жүр, бүкіл қалада барлық жерде олардан бас тартып жатыр. Бұл туралы Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы DW телеграм арнасы жариялады.
"Біз көптеген жеке және мемлекеттік жерлеу агенттіктеріне, коммерциялық алаңдарға және жерлеу залдарына хабарластық. Бір жерде бос жеріміз жоқ десе, бір жерде Навальныйдың аты аталғанда бірден қашқақтап бас тартады. Біреулер шынын жасырмай, жерлеу агенттіктеріне бізге қызмет көрсетуге тыйым салынғанын тікелей айтты», - деп жазды Кира X әлеуметтік желісіне, рәсім өткізетін жерді іздеу жұмыстарының 24 сағат бойы жүргізіліп жатқаны нәтиже бермегенін атай отырып.
Айта кетсек, Алексей Навальныйдың No3 «Поляр қасқыры» түзеу колониясында қайтыс болғаны 16 ақпанда белгілі болды.
Навальныйдың денесі оның анасы Людмила Навальнаяға сегіз күннен кейін ғана берілді. Бұған дейін тергеушілер ультиматум қойып, жасырын жерлеу рәсімін өткізуді талап еткен болатын.