Әлем5 қаңтар 2024, 23:25

Неміс журналисі тікелей эфирде не туралы айтып тұрғанын ұмытып қалды

Неміс журналисі тікелей эфирде не туралы айтып тұрғанын ұмытып қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

1 қаңтар күні кешке ARD телеарнасының Тель-Авивтегі тілшісі Ханна Реш Израильдің Жоғарғы соты Биньямин Нетаньяхудың сот реформасы туралы даулы заңын жойғанын хабарлады.

Германиядағы тікелей эфирді миллиондаған көрермен тамашалады.

Реш бір минуттай жылдам әрі анық сөйлеп келе жатып, Израильдің қазіргі үкіметін «оң радикалды» деп атады.

Соның салдарынан ол израильдік саясаттың шым-шытырығынан шатасып, кейін не айтып тұрғанын ұмытып, үнсіз қалды.

«Сот өз міндетін атқарды... Ал біз, шын мәнінде... Кешіріңіздер, ойымды жинақтап алайын ... Нетаньяхудың «Ликуд» партиясы бұл шешім туралы... Өте өкінішті, маған шынымен де өз ойымды жинақтауым керек...» деді ол.

Берлиндегі ARD студиясының тәжірибелі жаңалықтар жүргізушісі Йенс Риева оның сөзін бөліп, хабарламасы үшін алғысын білдірді.

«Түрлі жағдай бола береді, оны түсінуге болады», - деді Йенс Риева.

Stern журналына берген түсініктемесінде Реш ұзақ түсірілім мен дайындықтан кейін оқиғаның «желісін жоғалтып алғанын» айтып ақталды.

ARD телеарнасы тікелей эфир Журналист ұмыту

Тақырыпқа жаңалықтар