Нетаньяху: Иранның соққысына жауап беру — Израиль құқығы
Биньямин Нетаньяху: «Иранның соққысына жауап беру Израильдің құқығы және жауапкершілігі». «Әлемдегі ешбір ел өз қалалары мен азаматтарына мұндай шабуылды қабылдамайды», - деді Израиль премьер-министрі Иранның 1 қазандағы жаппай зымыран шабуылына сілтеме жасап. Ол бұл шабуылдың «жауапсыз қалмайтынына» тағы да уәде берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алайда Нетаньяху бұл жауаптың қандай болатынын және оның қашан болатынын айтпады.
Sky News Arabia арнасының хабарлауынша, Тегеран Таяу Шығыстағы өзінің одақтас содыр исламшыл топтарын қолдау үшін пайдаланатын инфрақұрылымдарға соққы беру туралы айтуы мүмкін.
Джо Байден бұған дейін Израильдің Иранның мұнай нысандарына шабуыл жасау мүмкіндігі туралы айтқан болатын.
Сонымен бірге АҚШ президенті Нетаньяху үкіметін «басқа балама туралы ойлануға» шақырды.
Соған қарамастан оның сөздері мұнайдың әлемдік бағасының өзгеруіне себеп болды.