Оңтүстік Африка Израильдегі дипломаттарын кері қайтарып алды
Оңтүстік Африка Газа секторындағы шабуылдарға байланысты Израильдегі дипломаттарын кері қайтарып алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Біз Палестина аумақтарында балалар мен жазықсыз бейбіт тұрғындардың өлтірілуінің жалғасып жатқанына қатты алаңдаймыз және Израильдің жауабы ұжымдық жаза болып табылады деп есептейміз», - деді Оңтүстік Африка Сыртқы істер министрі Наледи Пандор.
Бұған дейін Түркия мен бірнеше Латын Америкасы елдері: Боливия, Чили, Колумбия және Гондурас Израильден елшілерін шақырып алған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: