Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Астанада 18 тамызда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түсуі мүмкін. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қарағандыда да 18 тамыз күні найзағай ойнайды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Түнде 17 тамызда -18 тамызда қатты жаңбырдың түсуіне байланысты Кіші Алматыөзені алабында және Үлкен Алматы өзені алабында сел ағындарының қалыптасу қаупі бар.
2024 жылдың 17–19 тамыз аралығында қатты жаңбыр жау ықтималдылығына байланысты Алматы облысының таулы және тау етегіндегі аймақтары мен Алматы қаласы маңындағы таулы аймақтарда беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі ықтимал, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
2024 жылғы 18-19 тамыз аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі (Текелі қаласы, Ескелді, Кербулақ, Көксу, Саркан, Алакөл, Панфилов) аудандарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі бар.
2024 жылдың 18-19 тамызда аралығында қатты жаңбыр жауу ықтималдылығына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін. Су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басуы мүмкін.
18 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылордада 18 тамызда күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
18 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
8 тамызда Атырау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырауда 18 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
18 тамызда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
18 тамызда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Семейде18 тамызда түнде найзағай ойнайды. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
18 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Өскеменде 18 тамызда түнде найзағай ойнайды.
18 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 18 тамызда облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. 18 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Таразда 18 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 18 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
18 тамызда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтауда 18 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
18 тамызла Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан асады.
18 тамызда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Талдықорғанда 18 тамызда кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
18 тамызда Батыс Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
18 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с.
Павлодарда 18 тамызда найзағай ойнайды.
18 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қаласында 18 тамызда күндіз найзағай ойнайды.
18 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қаласында 18 тамызда күндіз найзағай ойнайды.
18 тамызда Алматы облысы мен Алматы қаласының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жайып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыс бағыттан жел солтүстік-батыс бағытка ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматыда 18 тамызда таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғып, солтүстік-батыс бағытка ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қонаевта 18 тамызда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғып, жел солтүстік-батыс бағытка ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
18 тамызда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, күндіз солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15- 20 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Шымкентте 18 тамызда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Түркістанда 18 тамызда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.