Әлем6 қараша 2023, 11:00

"Құдайдың атымен, соғысты тоқтат".Рим Папасы тағы да үндеу жасады

Рим Папасы Газа секторында атысты тоқтатуға және кепілге алынғандарды босатуға тағы да шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Мен Палестина мен Израильдегі көптеген адамдар қаза тапқан ауыр жағдай туралы үнемі ойлаймын», - деді понтифик Римдегі Әулие Петр алаңында өткен салтанатты рәсімде.

"Мынаны тоқтат! Құдайдың атымен, соғысуды тоқтат" деп шақырды.

Фрэнсистің айтуынша, Газа секторының тұрғындарына көмек көрсетуді жеңілдету, сондай-ақ Хамас лаңкестік ұйымы ұрлап кеткен кепілге алынғандарды босату үшін қолдан келгеннің барлығын жасау керек.

Рим Папасы Газа секторы атысты тоқтату

Тақырыпқа жаңалықтар