Placeholder
Фото: Wang Zhao/AFP/Getty Images
Getty Images
ӘлемБүгін, 16:00

Қытай шетелдіктерге бала асырап алуға тыйым салды

Қытай шетелдіктерге бала асырап алуға тыйым салды. Шетелдік азаматтардың бала асырап алу бағдарламасы Қытайда шамамен 30 жыл жұмыс істеді, бірақ 2024 жылдың тамызында жабылды. Бейжіңнің шешімі оның демографиялық саясатындағы дәуірлік өзгерісті көрсетеді, дейді Висконсин-Мэдисон Америка университетінің қытайлық демографы И Фуцзянь, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның пікірінше, бұрын Қытай билігі «жаңа туған нәрестелерді ауыртпалық ретінде қарастырса, енді оларды ресурс ретінде көреді».

Бұрын Қытай халық санының жылдам өсуін бір отбасылық саясаты арқылы тежеп келген.

Бір бала» - көптеген отбасы балаларынан, негізінен қыз бала мен мүгедек сәбиден бас тартуға мәжбүр болды немесе үлкен айыппұл төледі. 

1992 жылы халықаралық дәрежеде бала асырап алуға рұқсат етілді.

Бірақ қазір Қытайда мүлде басқа мәселе бар – туу көрсеткішінің төмендеуі.

2023 жылы жаңа туған нәресте саны 5,7%-ға азайып, шамамен 9 миллионға жетті, ал 1000 адамға шаққандағы туылғандар саны 6,39-ды құрап, өте төмен болды.

Жалпы халық саны да екінші жыл қатарынан 2 миллионнан астам адамға қысқарды.

2016 жылы бір бала саясатынан бас тартылып, билік отбасына екі-үш балалы болуға шақыра бастады.

Бірақ көптеген жас қытайлық әйелдер әлі күнге дейін сәбилі болуға асықпайды.

«Бұрын халық санының аз болуы жақсы деп саналды, бірақ қазір оның азаюы үрей тудырады», - дейді демограф И.

Қытай шетелдіктер бала асырап алу тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар