Ресей қарулы күштерінің саны 170 мың әскери қызметкерге ұлғайтылды
Ресей қарулы күштерінің саны 170 мың әскери қызметкерге ұлғайтылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Кремль сайтында жарияланған Ресей президентінің жарлығына сәйкес, Ресей қарулы күштерінің штаттық деңгейі 2 209 130, оның ішінде 1 320 000 әскери қызметкер. Бұл 170 мыңға артық әскер.
Ресей қорғаныс министрлігі мұны «арнайы әскери операция мен НАТО-ның жалғасып жатқан кеңеюіне» байланысты қауіптің артуымен түсіндірді.
Сонымен бірге олар «мобилизация қарастырылмағанын» және оның санының артуы келісімшарт бойынша сарбаз тарту арқылы болатынын атап өтті.
Бұл Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі басталғалы бері Ресей қарулы күштері санының екінші рет арттырылуы.
Бұған дейінгі жарлыққа 2022 жылдың тамызында қол қойылып, бір айдан кейін Ресейде ішінара мобилизация жарияланған болатын.