Әлем30 маусым 2024, 10:42

Ресей шабуылы: Вольнянскіде жеті адам қаза тапты

Вольнянскіде Ресейдің зымырандық соққысы салдарынан жеті адам қаза тапты. Ресей әскерлері Запорожье облысындағы Вольнянск қаласына зымыраннан шабуыл жасады, деп хабарлады жергілікті ОВА басшысы Иван Федоров. Оның айтуынша, снарядтар маңызды инфрақұрылымға, дүкенге және бірнеше тұрғын үйге тиген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Соққыдан кем дегенде 10 тұрғын жарақат алып, жетеуі қаза тапты. Олардың арасында екі бала бар, деді Федоров.

Украина Ресей шабуылы Вольнянск қаза тапқандар

Тақырыпқа жаңалықтар