Әлем9 қаңтар 2024, 10:47

Ресей соққысынан Украинада 4 адам қаза тауып, 45 адам жарақат алды

Ресей соққысынан Украинада 4 адам қаза тауып, 45 адам жарақат алды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский кешкі бейне үндеуінде айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
 "Бүгін таңертең, өкінішке орай, тағы да жаппай зымырандық шабуыл басталды. Харьков және облыс, Запорожье, Кривой-Рог, Хмельницкий облысы. 45 адам зардап шекті, қазір төртеуі қайтыс болғаны белгілі. Отбасына және жақындарына көңіл айтамын. Террорист мемлекет біздің жауабымызды міндетті түрде сезінеді», - деді ол.

Зеленский Украинаның Донецк, Херсон және Хмельницкий облыстарында төтенше жағдайдан құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Украина Харьков Запорожье қаза тапқандар
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
26 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар