Ресей төлқұжатын өртеп, соғысқа қарсы сөйлеген әнші Шарлот ұсталды
Әнші Шарлот Ресей төлқұжатын өртеп, соғысқа қарсы сөйлегені үшін Ресейде ұсталды- деп хабарлайды Arbat.media.
Маусым айында Эдуард Шарлот төлқұжатын өртеп жіберіп, енді қылмыстық Ресей азаматы емес екенін туралы видеоны жариялаған болатын. Ол көпшілік алдында соғысқа қарсы шықты.
Қараша айында әнші орыс тілді мәдениет үшін күресуге Ресейге оралатынын мәлімдеді.
Ол Пулково әуежайында ұсталды. Шарлотты профилактикалық әңгіме және төлқұжатына әдейі зақым келтіргені үшін әкімшілік хаттама толтырылауы мүмкін.
Қауіпсіз интернет лигасының жетекшісі Екатерина Мизулина Шарлоттың кешірім сұраған видеосын жариялады.
Онда ер адам жалған ақпаратқа сеніп адасқанын айтады.
Екатерина Мизулина бұған дейін құқық қорғау органдарына хабарласып, әншінің «Ресей армиясын көпшілік алдында беделін түсіріп, дінге сенушілердің сезімін қорлап, Ресей азаматының төлқұжатын әдейі өртеп жібергенін» айтқан.