Әлем9 қаңтар 2024, 14:12

Ресейде тас жолда 50 көлік соқтығысты

Новгород облысында Санкт-Петербор мен Мәскеу арасындағы тас жолда ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

. Жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің айтуынша, тас жолда өте қарбалас болған.

Ресейде жаңажылдық мерекелер аяқталып, Санкт-Петербургте демалған көптеген туристер үйіне қарай бет алған.

Күндіз облыста қалың қарлы боран басталды. Бір кезде бір жол талғамайтын көлік тежеуге үлгермей, қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк көлігіне соғылды, деп жазады KП.

Қалған көліктер оларға тізбекте «ұша» бастаған. Соңында 50 көлік жиналды.

Апат салдарынан төрт адам қаза тапты, оның ішінде бір бала бар. 16 адам жарақат алды.

Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Магистральдағы қарды тазалау жұмысының сапасы туралы сұрақ туындайды.

Новгород ірі жол апаты елу көлік қаза тапқандар

Тақырыпқа жаңалықтар