Рим Папасы Швейцарияда Украина бойынша бейбітшілік конференциясына шақырылды
Рим Папасы Швейцарияда Украина бойынша бейбітшілік конференциясына шақырылды. Бұл туралы ел президенті Виола Амхерд Blick басылымына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, «Ватикан бейбітшілік конференциясына өте оң көзқараста», - деп хабарлайды Arbat.media.
Наурыз айының басында Рим Папасы Франциск Украина билігі Ресей Федерациясымен соғыста үлкен шығынға ұшырамас үшін «ақ ту көтеруге батылдық танытуы керек» деген мәлімдемесімен дүрліктірді.
Ватикан мұны жанжалды дипломатиялық жолмен шешуге шақыру деп түсіну керек деп түсіндіруге асықты.
Украина бойынша Бейбітшілік саммиті 15-16 маусымда Швейцарияның Бургенсток қаласында өтеді.
Еске салсақ. қабылдаушы тарап G7, G20 және БРИКС елдерін қосқанда 160-тан астам делегацияны шақырды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, конференцияға Қытай төрағасы Си Цзиньпин шақырылғанымен, ресейлік өкілдер шақырылмаған. Ал Мәскеу Ресей Федерациясының қатысуынсыз мұндай кездесудің мағынасы жоқ екенін мәлімдеді.