Әлем15 қазан 2023, 20:00

Рим Папасы Хамастан кепілге барлық адамды босатуға шақырды

Рим Папасы Хамасты Израильден Газа секторына барымтаға алған барлық адамдарды босатуға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Мен балалар да, науқастар да, қарттар да, әйелдер де, бейбіт тұрғындар да қақтығыстың құрбаны болмауын талап етемін», - деді католик шіркеуінің басшысы Римдегі Әулие Петр алаңында жексенбілік уағызында.

Израильдің күтілетін жердегі операциясы туралы айта отырып, ол:

«Ең бастысы, Газада гуманитарлық дәліздер құру және бүкіл халықты құтқару», - деді.

"Ресей 20 айға жуық агрессивті соғыс жүргізіп жатқан Украинадағы халықтың қайғы-қасіретін ұмытпау керек. Жетеді. Соғыс әрқашан жеңілісті білдіреді, әрқашан".

📍Соңғы мәліметтерге сәйкес, ХАМАС кең ауқымды лаңкестік әрекет кезінде Израильден ұрланған 150-ден астам адамды Газа секторында кепілде ұстап отыр. Олардың арасында басқа мемлекет азаматтығын алған израильдіктер де бар.

Рим Папаасы ХАМАС кепілге алынғандар босату
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар