Сербияда Қазақстан азаматы қаза тапты
Сербияның астанасы Белградта Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.
Қайтыс болған бойжеткеннің әкесі әлеуметтік желіде қызының байланысқа шықпай қойғанын, сол себепті оны іздеп Сербияға өзі барғанын айтты. Белградта оған қызының тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап кеткені хабарланған. Алайда марқұмның туыстары суицид нұсқасына сенбейді және істің мұқият әрі ашық тергелуін талап етуде. Олар бойжеткеннің өліміне оның Белградтағы таныстарының қатысы болуы мүмкін деп есептейді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: