Әлем20 сәуір 2024, 15:55

Шетелдік БАҚ: Ресей мен Қазақстандағы су тасқыны жағдайы күрделі күйде

Ресей Федерациясы мен Қазақстандағы су тасқыны жағдайы күрделі күйінде қалып отыр деп жазады немістің DW агенттігі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Түмен, Қорған және Орынбор облыстары су тасқыны салдарымен күресті жалғастыруда.

Жергілікті тұрғындар мен облыс билігінің хабарлауынша, көптеген ауданда өзен деңгейі көтерілген.

Ресей Федерациясында су тасқынынан зардап шеккен үй саны 16 мыңнан асады.

Қазақстанда тасқын салдарынан 118 мыңнан астам адам эвакуацияланып, 44 елдімекен көлік қатынасынсыз қалды.

шетелдік БАҚ Ресей мен Қазақстан Тасқын

Тақырыпқа жаңалықтар