Әлем16 қазан 2023, 14:00

"Соғысқа араласамыз деп қорқытты".Израиль және Газа секторындағы жағдай

Иран Газа секторындағы шабуылдар дереу тоқтатылмаса, радикалды Хамас тобы жағындағы соғысқа араласамыз деп, Израильді қорқытты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Иранның БҰҰ арналары арқылы Израильге жіберген жеке хабарламасында айтылған, деп хабарлайды The Jerusalem Post.

▪️ Израиль Ливанмен шекарасында бейбіт тұрғындардың кіруіне тыйым салынған 4 км тереңдіктегі қауіпсіздік аймағын құрды. Кеше бір топ қарулы адам Израиль аумағына кіруге әрекеттеніп, Ливаннан Израильге 30-ға жуық миномет атылды, деп хабарлады ЦАХАЛ. Жауап ретінде Израиль әскерилері ұшыру алаңдарына соққы берді.

▪️ Қазір Газа секторында ХАМАС тобының қолында 126 израильдіктер кепілге алынғаны белгілі, деп хабарлады Израиль қорғаныс күштері.

▪️ Сондай-ақ Израиль әскерилері 7 қазаннан бері Иордан өзенінің батыс жағалауында 330 палестиналықты тұтқындағанын хабарлады. ЦАХАЛ мәліметінше, олардың 190-ы ХАМАС-пен байланысы бар.

▪️ Сирия Израильді Алеппо әуежайына шабуыл жасады деп айыптады. Соның салдарынан ұшу-қону жолағы істен шықты, деп хабарлады Сирияның Қорғаныс министрлігі Facebook парақшасында.

Израиль Газа секторы соңғы жаңалықтар

Тақырыпқа жаңалықтар