The Economist: Украина қарулы күштерінің 70 мың жауынгері қаза тапқан
The Economist мәлімдеуінше, соғыс басталғалы Украина қарулы күштерінің 70 мың жауынгері қаза тапқан, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тағы 120 мың адам жарақат алды. Журнал соғыс пен жұмылдыруда Украинадағы еңбек нарығындағы өзгерістер туралы мақаласында аты аталмаған америкалық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, осындай мәлімет береді.
Бұрын АҚШ әкімшілігінің өкілдеріне сілтеме жасай отырып, дәл осындай сандарды NYT жариялаған, ал ресейлік шығын одан да жоғары деп бағаланған: 290 мың адам қаза тауып, жараланған.
The Economist, сондай-ақ, Украинадағы 4,8 миллион адам ауқымды басқыншылық басталғаннан кейін бірден жұмыссыз қалды деп жазады.
Осылайша 2022 жылдың көктемінде жұмыссыздық деңгейі 30%-дан астам болса, 2023 жылдың қазанында ол 18,4%-ға дейін төмендеді.
Жүздеген мың ерлер әскерге шақырылғандықтан, өндіріске, құрылысқа және тау-кен жұмыстарына әйелдер көбірек келеді.