Әлем19 наурыз 2024, 14:55

Трамп кепілдікке жарты миллиард доллар жинай алмай отыр

Дональд Трамп кепілдікке жарты миллиард доллар жинай алмай отыр. Бұл туралы АҚШ-тың бұрынғы президентінің адвокаттары мәлімдеді. Сот құжатына сәйкес, Дональд Трамп оған қаржылық алаяқтық үшін айыппұл түріндегі сот салған 464 миллион доллар көлеміндегі кепілді төлей алмайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Егер ол 25 наурызға дейін кепілдікті төлемесе, Дональд Трамп мүлкінің бір бөлігін тәркілеу қаупі бар, деп хабарлайды AFP.

Кепіл жариялау да Трамптың адвокаттарының апелляциялық шағым беру талабы болып табылады және апелляциялық шешім қабылданғанға дейін үкім тоқтатылды, деп түсіндірді агенттік.

трамп кепілдік жарты миллиард доллар заңгерлер

Тақырыпқа жаңалықтар