Placeholder
Фото: Ева Коринкова / Reuters
Reuters
Әлем6 тамыз 2024, 15:00

Украина АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар қайтарымсыз грант алды

Украина АҚШ-тан 3,9 миллиард доллар қайтарымсыз грант алды. Ақша Дүниежүзілік банк арқылы келді, деді Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль. Оның айтуынша, бұл қаражат мұғалімдердің, дәрігерлердің және құтқарушылардың жалақысы, әлеуметтік төлемдер сияқты «бюджеттің басым шығыстарын қаржыландыруға» көмектеседі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Украина премьер-министрі бұл АҚШ-тың 2024 жылғы тікелей бюджеттік қолдауының бірінші траншы екенін қосты.

Жалпы Киев биыл Вашингтоннан осындай көмек ретінде 7,8 миллиард доллар алады, деді ол.

3,9 миллиард доллар Украина АҚШ Грант

Тақырыпқа жаңалықтар