Украина мен Румыния құрамалары арасындағы ойынға Ресей туына тыйым салынды
Украина мен Румыния құрамалары арасындағы ойынға Ресей туын әкелуге тыйым салынды. 17 маусымда Мюнхенде Украина құрамасы алғаш рет Еуро-2024 топтық турнирінде өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
УЕФА қауіпсіздік қызметкерлері трибунада Ресей туының пайда болуына жол бермеу үшін стадионға кірер алдында жанкүйерлерді тексеретінін айтты.
Бұған дейін 14 маусымда Германия-Шотландия және 16 маусымда Сербия-Англия ойындары кезінде трибунада Ресей туы көрінетін.
Ресей армиясы Украинаға басып кіргеннен кейін Ресей командаларына УЕФА ұйымдастырған ойындарға қатысуға тыйым салынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: