Украинадан депортацияланған 378 бала табылды
Құқық қорғаушылар Ресей отбасыларынан Украинадан депортацияланған 378 баланы тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы DW жазады.
"Адам құқықтары жөніндегі аймақтық орталық" үкіметтік емес ұйымы Украинаның оккупацияланған аймақтарынан депортацияланып, орыс отбасыларына орналастырылған 378 украиндық баланың мекенжайын анықтады.
Олардың көпшілігі Мәскеу облысында орналасқан.
Құқық қорғаушылар 69 «асырап алушының» аты-жөнін де анықтай алды.
Айтуынша, олардың көбісі мұғалім. Қамқоршылардың арасында бұрынғы әскери қызметкер, мәдениет және діни сала қызметкерлері де бар.
Сонымен қатар, украиндық құқық қорғаушылар «асырап алушылардың» атына жазылған бала асырап алу туралы сот шешімін таппады.
Тек қамқорлыққа берілу туралы кейбір құжатты ғана таба алған.
Украинаның Ұлттық ақпарат бюросының мәліметінше, Ресей Федерациясының жаппай басып кіруі кезінде 19,5 мыңнан астам украин бала заңсыз депортацияланған.
Оның 390-ға жуығы ғана Украинаға қайтарылған.