Әлем28 желтоқсан 2023, 16:23

Ұлыбритания ханзадасы Луиге алғаш рет шалбар киюге рұқсат берілді

Ханзада Уильям мен Кейт Миддлтонның ұлы, британ тағына төртінші мұрагер Ұлыбритания ханзадасы Луиге алғаш рет шалбар киюге рұқсат берілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол бүкіл король отбасымен бірге Англияның солтүстік-шығысындағы Сандрингемдегі Мария Магдалины шіркеуіндегі Рождестволық қызметке қатысты.

BILD шолушысы Беттина фон Шиммельманн атап өткендей, Луи алғаш рет көпшілік алдында шорты емес, шалбар киіп шықты.

Бұрын ханзада суық ауа райында да тек шортымен шығатын.

Журналист Англияда шорты жоғарғы таптың белгісі екенін, ақсүйектер арасында әлі күнге дейін ұлдарды 8-9 жасқа дейін тек шорты кигізеді деп жазады.

Британдық сән мамандары бұл елде шорты – қоғамның жоғарғы тапқа, шалбар – орта тапқа, джинсы – төменгі тапқа жататындығы тарихтан белгілі деп түсіндіреді.

Ұлыбритания ханзада Луи шабар Рождество

Тақырыпқа жаңалықтар