Әлем2 қараша 2023, 22:25

Ұлыбританияда әлеуметтік желілерге шектеу енгізіледі

Ұлыбританияда әлеуметтік желілерді жүгендейтін жаңа заң қабылданды, - деп хабарлайды Arbat.media.

. Ол негізінен интернет қолданушыларын қауіпті контенттен қорғауға бағытталған. Өйткені телефонға телміргендер арасында өз-өзіне қол салушы жасөспірімдер көбейген.  

Лондонның 14 жастағы тұрғыны Молли Рассел – әлеуметтік желінің құрбаны. Оқушы ұялы телефонынан көңіл құлазытатын фото мен видео көруге әуестенген.  Алгоритмге сәйкес не іздесең соны ұсынатын платформа оған тиісінше контентті көрсетумен болған. Нәтижесінде оқушы депрессияға түсіп, суицидке барған. Ата-анасы ауыр қазадан кейін әлі ес жия алар емес. 

«Біз мұндай жағдайға душар болмаумыз керек еді. Бейкүнә балаларды қорғай алмайтын, тек пайдасын ойлайтын платформаларды жүгендейтін уақыт келіп жетті. Олар өскелең ұрпақтың өмірін қиып, ақша жасауды доғарулары қажет», - дейді Моллидің әкесі Иан Рассел. 

Алты жылға созылған талқылаулардан кейін даулы заң жобасы қабылданды. Оған сәйкес балаларға қауіпті контент көрсеткені үшін платформалар жауапқа тартылады. Жануарларға қатігездік таныту, есірткі және қару саудасы, терроризмді насихаттайтын фото мен видео өшірілуі керек. Сондай-ақ кәмелет жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерде парақша ашуға тыйым салынады. Хат алмасуға арналған қосымшалар да жіті қадағаланады. 

«Егер әлеуметтік желілер заңға бағынбаса, қатаң жазаланады. Реттеуші орган олардың әлемдік табысының 10 пайызынан айыруы мүмкін. Компаниялар миллиардтаған стерлинг фунтынан айрылғысы және шығынға батқысы келмейді деп ойлаймын», - дейді Ұлыбританияның Ғылым, инновация және технология жөніндегі мемлекеттік хатшысы Мишель Доунлан. 

ен болатын. 

Ұлыбритания әлеуметтік желі шектеу суицид

Тақырыпқа жаңалықтар