Әлем1 қараша 2023, 13:50

УҚК: Ресейліктердің алты бағыттағы шабуылы сәтсіз аяқталды

Ресейліктердің алты бағыттағы шабуылы сәтсіз аяқталды, деп мәлімдеді Украина қарулы күштерінің бас штабы, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атап айтқанда, Бахмут бағытында ресейлік күштер Клещеевка ауданындағы жоғалған позициясын қалпына келтіруге тырысты, олардың үш шабуылы тойтарылды, деп хабарлады Украина қарулы күштері хабарламасында.

«Украина қорғаныс күштері Донецк облысының Бахмут қаласының оңтүстігінде жауды адам күші мен техникасынан шығынға ұшыратып, қол жеткізген шептердегі позицияларын бекіте отырып, шабуыл операцияларын жалғастыруда», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Украина қарулы күштері Мелитополь бағытында шабуылын жалғастыруда.

 

Украина қарулы күштері Ресей қарулы күштері Бахмут Клещеевка

Тақырыпқа жаңалықтар