Валерий Залужныйдың кеңсесінен тыңдауыш құрылғысы табылды
Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйдың кеңсесінен тыңдауыш құрылғысы табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный болашақта пайдалануға болатын бөлмеден тыңдау құрылғылары табылғаннан кейін УҚК қылмыстық іс қозғады.
Сонымен қатар, «Украинская правда» басылымының хабарлауынша, тыңдау құрылғысы Залужныйдың кейбір қарамағындағы қызметкерлерінен де табылған.
Атап айтқанда, оның жеке көмекшісі Константин Бушуев.
Бұл хабарларға Украина қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Анна Маляр түсініктеме беріп үлгерді.
«Бас қолбасшыдан нені және кімді естігісі келгенін білмеймін, өйткені негізінен тыңдау және ақпарат тарау мүмкіндігі бар екенін бәрі біледі. Сондықтан дауыстап сөйлескенде бұл әрқашан ескеріледі. Бірақ бізде, айталық, штабтан құпия ақпараттың шығып жатқаны - оас. Әскери құпиялар бір емес, бірнеше рет жария болды», - деп жазды ол.
Қараша айында украин және батыс ақпарат құралдары Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный мен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы қақтығыс туралы жазған болатын.
Залужныйдың мақаласы The Economist басылымында жарияланғаннан кейін Зеленский бас қолбасшыны сынап, оның майданда тығырыққа тірелгені туралы пікірімен келіспеген болатыр.