Әлем28 желтоқсан 2023, 9:49

Виктория Бекхэм Рождествоға күйеуіне тауық қора сыйлады

Аты аңызға айналған футболшы және спорт менеджері Дэвид Бекхэм әйелі Викториядан Рождествоға ерекше сыйлық алды. Олардың саяжай бағында бірнеше тауық пен әтеші бар тауық қора орнатылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

48 жастағы Дэвид Бекхэм сыйлыққа риза болыпты.

Ол жаңажылдық қалпағын киіп алып, жұмыртқалайтын тауықтарының қорасына барып, үй құстарына жем берген.

Олардың 18 жастағы ұлы Круз тауықтардың артынан мәз-мәйрам болып жүгіріп жүр.

Жұлдызды жұптың жанкүйерлері де бұл идеяны жоғары бағалап, видеоға жүздеген мың лайк қойып жатыр.

Виктория Бекхэм Дэвид Бекхэм тауық қора Рождество

Тақырыпқа жаңалықтар