Хамас атысты тоқтату туралы ұсынысты зерделеуде
Хамас атысты тоқтату туралы ұсынысты зерделеуде; Газа секторындағы бітім 4 наурызда басталуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.
ХАМАС лаңкестік тобы мұндай ұсынысты Газа секторындағы жағдайды Египет, Катар, АҚШ және Израильдің қатысуымен реттеу бойынша келіссөздерден кейін алған. Бұл туралы Reuters ақпарат көзіне сілтеме жасап жазады.
Агенттіктің хабарлауынша, ұсыныс қабылданса, Газа секторында соғыс қимылдары 40 күнге тоқтатылады. Келісім сондай-ақ ХАМАС ұстаған 40 израильдікті босатуды қамтиды. Израиль өз кезегінде 400 палестиналық тұтқынды босатады. Сонымен қатар Газа секторына күн сайын гуманитарлық жүк тиелген 500 жүк көлігі жіберіледі.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден 4 наурызға дейін Газа секторында атысты тоқтатуға қол жеткізуге болатынына үміт білдірді.
«Біз бұған жақынбыз», - деді ол Израиль мен Хамас лаңкестері арасындағы болашақта мүмкін болатын келісімге түсініктеме бере отырып.
Reuters агенттігінің мәлімдеуінше, америкалық келіссөздер 10 наурызда мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы басталғанға дейін «келісімге келуге табанды түрде ұмтылды».