Әлем5 қараша 2023, 5:06

Хамас Газа секторынан шетелдіктердің кетуін тоқтатты

Хамас Газа секторынан шетелдіктердің кетуін тоқтатты, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Израильдің жедел жәрдем көлігіне соққы беруінен кейін Хамас лаңкестік тобы Газа секторынан шетелдіктердің және қос азаматтығы бар палестиналықтардың Мысырға кетуін тоқтатты.

Египет Қызыл Жарты айына жақын дереккөз Газа билігі жаралыларды Мысырға тасымалдауға тыйым салғанын dpa агенттігіне растады.

Хамастың бақылауындағы Газа билігі жараланған палестиналықтар Мысырға эвакуацияланбайынша, шетелдіктер Газа секторынан шыға алмайды деп мәлімдеді.

Ол үшін жедел жәрдем көліктерінің Рафах шекара бекетіне қатынайтын қауіпсіз маршруттарын жасау қажет.

ХАМАС Газа секторы шетелдіктер тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар