Әлем22 желтоқсан 2023, 12:00

Хамас Израильдің бітімге келу ұсынысынан бас тартты

Хамас Израильдің бір апталық бітімге келу туралы ұсынысынан бас тартты, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Лаңкестер алдымен бітімге келуді, содан кейін ғана кепілге алынғандарды қайтару үдерісін талқылауды талап етіп отыр, деп хабарлайды The Wall Street Journal мысырлық шенеуніктерге сілтеме жасап.
 
Бұған дейін Израиль Хамасқа бір апталық атысты тоқтату келісімі мен Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге рұқсат беру үшін медициналық көмекке мұқтаж 40 кепілде қалған әйелдерді, балаларды және қарт адамдарды босатуды ұсынған.

Газеттің хабарлауынша, Израиль бұл ұсынысты Израиль әскерлері топтың әскери басшылығы жасырынып жүрген оңтүстіктегі Хан-Юнис қаласында операциясын күшейткен кезде жасады.

ХАМАС бітім Ұсыныс бас тарту

Тақырыпқа жаңалықтар