Харьковты атқылаудан зардап шеккендер саны 25 адамға жетті
Харьковты атқылаудан зардап шеккендердің саны 25 адамға жетті, деп хабарлады Харьков облыстық әкімшілігінің басшысы Олег Синегубов, - деп хабарлайды Arbat.media.
16 адам ауруханаға жатқызылды, оның екеуі — бала.
Жапа шеккен төрт адамның жағдайы өте ауыр.
Шабуылдан қаза тапқандар саны үшке жетті.
Харьков мэрі Игорь Терехов қала бойынша төрт соққы жасалғанын айтты.
Солардың бірі тұрғын ауданда болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылды басқарылатын бомбалар жасаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: