Әлем20 қазан 2023, 18:40

Хорватия Украинаға барлық Ми-8 тікұшақтарын берді

Хорватия барлық Ми-8 тікұшақтарын Украинаға берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин мен хорватиялық әріптесі Марио Баножичтің кездесуінен кейін белгілі болды.

Пентагондағы келіссөздер барысында Остин Хорватияға Украинаға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл үлестің маңыздылығын атап өтті.

«Біз Хорватияның Украинаға көмектесудегі табандылығын жоғары бағалаймыз және мұны сіздің Ми-8 тікұшақтарыңызды қоса алғанда, көптеген әскери техниканы сыйға тартуыңыздан көреміз», - деп келтіреді Пентагон сайты Остиннің сөздерін.

Хорватия Украинаға көмек ми-8

Тақырыпқа жаңалықтар