Әлем16 қаңтар 2024, 3:29

Залужный: Украин әскерлері екі ресейлік ұшақты атып түсірді

Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный украин әскерилерінің екі ресейлік ұшағын атып түсіргенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ресей Қорғаныс министрлігі бұл туралы әзірге түсініктеме берген жоқ

Залужный Украина Әскери-әуе күштеріне «Азов аймағында мінсіз жоспарланған және жүргізілген операция үшін» алғыс айтты.

Оның айтуынша, Украина әскері А-50 алыс қашықтықтағы радиолокациялық анықтау барлау ұшағы мен Ил-22 әуе командалық пунктін құртқан. 

Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, А-50 ұшағы Запорожье облысының аспанында шабуылдан кейін радардан жоғалып кеткен.

Ил-22 ұшағы Азов теңізінің үстінде ауыр зардап шекті, бірақ әлі де Анапаға шұғыл қонуға қабілетті.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ұшақтарға жасалған шабуыл туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты.

Бұл арада ресейлік және украин телеграм-арналарында Ил-22 ұшағы Азов теңізінің үстіндегі шабуылдан кейінгі фотосурет жарияланды.

Валерий Залужный ресейлік ұшақтар атып түсірілді Ил-22

Тақырыпқа жаңалықтар