Жаңазеландиялық депутат мінберде тұрып күресуге шақыратын салттық әнді орындады
Жаңазеландиялық депутат, 21 жастағы Хана Раити Маипи-Кларк парламенттің ең жас мүшесі мінберде тұрып дірілдеп-қлшылдап, күресуге шақыратын салттық әнді орындады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол парламенттегі 123 орынның алтауына ие болған Маори партиясының өкілі.
Ол жақында ғана қызметке кірісті және өзінің алғашқы сөзінде хака деп аталатын маоридің салт-жоралғы биін орындады. Бұрын олар қарсыластарын осылай шайқасуға шақырған.
Өзі ұлты маори және жергілікті халықтың құқығы үшін күрескен заң шығарушы қатты айқайлап селкілдеді. Бұл Маипи-Кларктың әріптестерінің бәріне ұнамады. Бірақ залда балконда отырған жақтастары депутатты қолдап, бірге қосыоып әндетті.
Олар әділдік пен бейбітшілік үшін күресуге уәде берді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: