Жасанды интеллект жаныңды емдейтін музыканы таңдауға көмектеседі. Қытай ғалымдары емдік әсері бар музыканы ЖИ арқылы таңдауды ұсынды, - деп хабарлайды
Arbat.media.
“Музыкалық терапия депрессия, мазасыздық және жарақаттан кейінгі күйзеліс белгілерін азайтуға көмектеседі”, - дейді
мақала авторлары.
Зерттеу кезінде пациенттер арнайы тізім бойынша музыка тыңдаған. Қытайдың әр аймағынан келген 35 маман: дәрігер, психотерапевт, реабилитологтар өздері қолданатын тректерді ұсынды.
Сараптама нәтижесінде әртүрлі жанрдағы 165 музыкалық туынды іріктелді. Оның ішінде классика – 28%; поп-музыка – 18%. 15%-ы басқа жанрлар: электронды музыка, R&B, саундтректер, фольклор, т.б. Ал жапон музыканты Дзе Хисаишидің «Аспандағы сарай» атты туындысы бірнеше рет аталған.
Барлық мәліметті талдай келе ғалымдар үш негізгі критерийге тоқталды: дыбыстың өткірлігі, тембрі және үйлесімі. Осылайша, емдік мақсатқа үйлесімді, жұмсақ әуендер қолайлы болып шықты.
Қазақтың аспапты музыкасы, ән-күйлері нағыз музыкалық терапия ғой. ЖИ алгоритмі не дер екен .